Accessibility links

Тбилисиде тасқыннан он шақты адам қаза тапты


Су тасқыны бүлдірген жол. Тбилиси, 14 маусым 2015 жыл.
Су тасқыны бүлдірген жол. Тбилиси, 14 маусым 2015 жыл.

Тбилисиде нөсер жаңбырдан кейінгі су тасқынынан кемінде 12 адам құрбан болғаны, 10 адам хабар-ошарсыз кетені хабарланды. Қала мэрі Давид Нарманияның сөзінше, бірнеше адамды іздестіріп жатыр. Ол жексенбі күні қаза тапқан адамдардың туыстарына көңіл айтты.

Тбилисидің орталығында инфраструктура қирап, тұрғын үйлер бүлініп, зоопарк пен қаңғыбас иттерді паналату орны толық қирап қалған. Қаланың бірнеше орталық көшесінде құтқару-қалпына келтіру жұмыстары атқарылып жатыр. Полиция табиғи апат кезінде зоопарктен қашып кеткен хайуандарды іздестіріп жүр.

XS
SM
MD
LG