Accessibility links

Клинтон кандидат болуға күрес шарасын бастады


АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы, 2016 жылы өтетін АҚШ президенті сайлауына үміткер Хиллари Клинтон.
АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы, 2016 жылы өтетін АҚШ президенті сайлауына үміткер Хиллари Клинтон.

АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы, 2016 жылы өтетін президент сайлауына қатыспақ Хиллари Клинтон демократиялық партиядан ұсынылу үшін күрес кампаниясын бастады. Ол Нью-Йорктегі жақтастары алдында сөз сөйлеп, елде компания басшылары мен лауазымды менеджерлері ғана емес барлық азаматтар жақсы өмір сүруі керек екенін айтты.

Хиллари Клинтон қаржы нарығын бақылауды, салық реформасын, бірдей жұмыс істейтін ер мен әйелдің тең жалақы құқығын, жалпыға ортақ мектепке дейінгі білім беруді, гомосексуалистер мен олардың отбасыларын кемсітуге тыйым салуды жақтайтынын айтты.

Ол сайлауға қатысып жеңіп шықса, ел тарихындағы алғашқы президент әйел болуы мүмкін екенін айтты. Клинтон сыртқа саясатта АҚШ-тың қауіпсіздігін бекем етуді қолдайтынын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG