Accessibility links

Әліби Жұмағұловтың ісі бойынша сот басталды


Әліби Жұмағұлов (сол жақта) пен оны күзетіп жүрген адам (артқы жағында). Астана, 15 маусым 2015 жыл.
Әліби Жұмағұлов (сол жақта) пен оны күзетіп жүрген адам (артқы жағында). Астана, 15 маусым 2015 жыл.

Бүгін Астанада 24 жастағы Әліби Жұмағұловтың соққыға жығылуына қатысты іс бойынша сот басталды. Бұл іс соққыға жығуға жергілікті ірі кәсіпкер Қайрат Жамалиев күдікті деп танылғаннан кейін қоғамда ерекше назар аудартқан.

11 маусымда өткен алдын-ала тыңдауда судья Ербол Рахымбеков "іске қатысты адамдардың жеке басы жайлы ақпараттардың көпке жарияланып кетпеуі үшін" сотты жабық түрде өткізуге шешім қабылдаған.

Сот басталар алдында Әліби Жұмағұлов пен оның адвокаты Хамида Айтқалиев комментарий беруден бас тартты.

Бұл іс бойынша кәсіпкер мен оның жүргізушісі Анатолий Прибытков тартылып жатыр. Екеуіне қылмыстық кодекстің "қылмыстық топ арқылы аса ірі көлемде бопсалау", "адамды ұрлаумен байланысты емес заңсыз бас еркінен айыру" және "күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауы" туралы баптар бойынша айып тағылған. Жамалиев пен Прибытков өздеріне тағылған айыптармен келіспейді.

- Айыптардың бір де біреуімен келіспеймін. Дене жарақатын салғанымды мойындаймын, - деген Қайрат Жамалиев алдын-ала сот тыңдауында.

Астаналық Нұрлан Жұмағұлов 24 жастағы баласы Әлібидің аяусыз соққыға жығылғанын айтып, әлеуметтік желіге ұлының видеосы мен суреттерін жариялап, көмек сұраған жазбасы қоғамда наразы пікірлерге ұласып, жұртшылық бұл істің «коррупциясыз» тексерілуін талап еткен еді.

XS
SM
MD
LG