Accessibility links

АҚШ әскери академиясын бітірген қазақстандық марапатталды


АҚШ-тың Вест-Пойнт әскери академиясын бітірген Мақсат Нұғманов (сол жақта) пен АҚШ әскери академиясына оқуға түскен Владислав Гогуля сертификат табыстау салтанатында. Астана, 15 маусым 2015 жыл.
АҚШ-тың Вест-Пойнт әскери академиясын бітірген Мақсат Нұғманов (сол жақта) пен АҚШ әскери академиясына оқуға түскен Владислав Гогуля сертификат табыстау салтанатында. Астана, 15 маусым 2015 жыл.

Бүгін Астанада АҚШ елшілігінде АҚШ-тағы әскери академияны бітірген және академияға түскен екі қазақстандықты құттықтау салтанаты өтті.

Елшілікте АҚШ-тың Вест-Пойнт қаласындағы әскери академияны бітірген Мақсат Нұғманов пен АҚШ әскери академиясында авиация саласы бойынша оқуға түскен Владислав Гогуляны құттықтау салтанаты болды. Нұғмановқа академияны бітіргені туралы, ал Гогуляға академияға түскені туралы сертификаттар табысталды.

Құттықтау салтанатына АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Крол, Қазақстан қорғаныс министрлігінің өкілдері қатысты.

АҚШ әскери академияларына түскендер грант негізінде оқиды. Академияға үміткерлерді іріктеу Қазақстанда, АҚШ тарапының қатысуымен өтеді. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, АҚШ әскери жоғары оқу орындарына бір жылда бір елге төрттен артық грант бөлмейді. Қазір АҚШ-тың әскери оқу орындарында он қазақстандық білім алып жатыр.

XS
SM
MD
LG