Accessibility links

Қытайда қазақстандық өмірлік түрме жазасына кесілді


Қытай полициясы тұтқындарды әкетіп барады. Сычуан, 27 қыркүйек 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Қытай полициясы тұтқындарды әкетіп барады. Сычуан, 27 қыркүйек 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

"Қытайда 21 жастағы қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбай өмірлік түрме жазасына кесілді. Оған заңсыз есірткі тасымақ болды деген айып тағылған" деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.

Әнуар Жайнақов Қазақстан мен Қытай арасындағы сотталғандарды айырбастау шартын әзірше Астана ғана ратификациялағанын айтып, Ақжарқын Тұрлыбайдың Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін емесін хабарлады. Оның сөзінше, сотталған азаматтың адвокаттары үкімге байланысты шағым бермек.

Ақжарқын Тұрлыбайды Қытай полициясы 2014 жылы наурызда тұтқындаған.

XS
SM
MD
LG