Ресей сыртқы істер министрлігі АҚШ Ресеймен шекаралас елдерге НАТО-ның қару-жарақ қоймалары мен техникаларын орналастырмақ деген ақпаратқа қатысты түсінік берді.
"Әлі де ақыл-парасат үстемдік құрып, Еуропадағы жағдайдың салдары ауыр болатын әскери қақтығысқа ұласып кетуіне жол берілмейтінінен үміттіміз" делінген министрлік таратқан мәлімдемеде.
New York Times басылымы 13 маусымда жариялаған мақаласында АҚШ пен оның одақтастарының бірнеше лауазымды өкіліне сілтеме жасап, Вашингтон Балтық бойы мен Шығыс Еуропаның бірқатар елінде ауыр қару-жарақ орналастыруға ниетті екенін жазған. Мақалада АҚШ мұндай шешімді Ресейдің Украинадағы іс-қимылына алаңдаушылық пен ықтимал басқыншылықтың алдын-алу қажеттілігінен туындағаны айтылған.
Польша мен Литва Вашингтомен өз территорияларында ауыр қару-жарқ орналастыру бойынша келіссөз жүргізіп жатқанын растаған. Польша қорғаныс министрі Томаш Семоняк Варшава бұл мәселеге қатысты Вашингтоннан "бірнеше аптада" кесімді жауап болады деп күтіп отырғанын мәлімдеді.