Accessibility links

Әнші Жанна Фриске қатерлі ісіктен көз жұмды


Жанна Фриске.
Жанна Фриске.

Ресей әншісі Жанна Фриске 41 жасқа қараған шағында ми қатерлі ісігінен көз жұмды деп хабарлады марқұмның әкесіне сілтеме жасаған Азаттықтың Орыс қызметі.

Жанна Фрискенің қатерлі ісікке шалдыққаны 2014 жылдың басында белгілі болған. Оны Нью-Йорк дәрігерлері емдеген. Ресейлік "Бірінші арна" ол кезде Фрискені емдеуге қаржы жинауды ұйымдастырып, төрт күнде 60 миллионнан астам рубль жиналған. Бұл қаржының бір бөлігі жедел емдеуді қажет еткен балаларға жұмсалғаны хабарланған.

Жанна Фриске 1996 жылы, "Блестящие" тобына кіргеннен соң танымал болған. 2003 жылы ол топтан шығып, жеке орындаушылықпен айналыса бастаған. Әнші "Ночной дозор", "Дневной дозор" және "О чем говорят мужчины" фильмдеріне де түскен.

XS
SM
MD
LG