Accessibility links

Шымкентте журналистер форумы өтіп жатыр


Шымкентте өтіп жатқан журналистер форумы. 16 маусым 2015 жыл.
Шымкентте өтіп жатқан журналистер форумы. 16 маусым 2015 жыл.

Бүгін Шымкенттегі «Rixos» қонақ үйінің мәжіліс залында «Бес институционалдық реформа - 100 нақты қадам: ақпараттық қамту және ілгерілету» деп аталатын аймақтық жүрналистер форумы өтіп жатыр хабарлайды Азаттық тілшісі.

Форумды Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасы ұйымдастырған.

Форумға аймақтық және республикалық бұқаралық ақпарат құралдары мен жергілікті билік өкілдері қатысып жатыр.

Журналистер «Ақпараттық қамту және ілгерілету», «Мәңгілік ел қазақстандық біртектілік идеяларын жүзеге асыру», «БАҚ-тағы интернеттегі бұқаралық ақпараттың жаңа буындарын қалыптастыру», «Баршаға арналған қазіргі заманғы идеяны жүзеге асырудың негіздері» атты тақырыптар бойынша пікір алмасады.

XS
SM
MD
LG