Accessibility links

Шымкентте жол апаты құрбандары 13-ке жетті


Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).
Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

Шымкент түбінде болған жол апатынан қаза тапқандар саны 13 адамға жетті.

16 маусымда күндіз Шымкент-Алматы жолының "Боз Арық" айналма жолында "Mercedes Sprinter" шағын автобусы мен "Howo" жүк көлігі соқтығысқан.

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің ақпаратына қарағанда, 9 адам оқиға орнында мерт болған. Олардың арасында бір бала мен Өзбекстан азаматы бар. Қалған жетеуі - әйелдер. Ауыр жараланған төрт адам кейін ауруханада көз жұмған. Он бір адам, оның ішінде үш бала ауруханаға түскен.

Полицияның алдын-ала мәліметі бойынша, жол апаты шағын автобус жүргізушісінің кінәсінен болған.

XS
SM
MD
LG