Accessibility links

SCAT ұшағы өртенуіне қатысты тергеу басталды


SCAT әуе компаниясы ұшағы. (Көрнекі сурет).
SCAT әуе компаниясы ұшағы. (Көрнекі сурет).

Ақтауда SCAT әуе компаниясы ұшағының өртенуіне қатысты Маңғыстау облыстық прокуратурасы сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады деп хабарлады бүгін бас көлік прокуратурасы.

16 маусым күні кешке Ақтау әуежайында Астанадан DV742 рейсімен ұшып келген SCAT компаниясының "Боинг-737-300" жолаушылар ұшағы техникалық қызмет көрсету кезінде өртенген. Өрт кезінде ұшақта жолаушылар болмаған.

SCAT компаниясы баспасөз қызметінің жетекшісі Виктория Ульянова Азаттыққа "Өрт кезінде стресстен оның қан қысымы көтеріліп, ауруханаға түсті. Барлық қажетті процедуралар жасалып, өз-өзіне келді" деді.

Жергілікті "Lada.kz" басылымының төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлауынша, төтенше оқиғадан SCAT инженері, 47 жастағы Литва азаматы Роберт Патрик жараланып, ауруханаға түскен. Ұшақтың алдыңғы бөлігі - ұшқыштар кабинасы мен жолаушылар салоны арасы өртенген.

Прокуратура ұшақ өртіне қатысты "әуе көлігі қозғалысы немесе пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы" бабы бойынша іс қозғаған.

XS
SM
MD
LG