Accessibility links

Парламент жұмысы 15 шілдеге дейін ұзарды


Парламент мәжілісінің отырысы, Астана. (Көрнекі сурет).
Парламент мәжілісінің отырысы, Астана. (Көрнекі сурет).

Қазақстан парламентінің төртінші сессиясының жұмысы 15 шілдеге дейін созылатын болды. Бұл жайлы шешім бүгін парламенттің қос палатасы - мәжіліс пен сенаттың бірлескен жиынында қабылданды.

"Қазір парламент атқаратын жұмыс ауқымы ұлғайды. Бұл бізден өз қызметімізді басқа мемлекеттік органдармен үйлестіруді талап етеді. Осыған байланысты, біз уақытты тиімді пайдалану мақсатында парламент сессиясы жұмысын ұзарту жайын қарадық" деді мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақыпов.

Қазақстан парламентінде әдеттегі жазғы демалыс 1 шілдеден басталып, тамыздың соңына дейін созылатын. Бірақ өткен жылы қыркүйектің басында парламенттің төртінші сессиясы жұмысын ашылуында сөйлеген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "әлемдегі жағдайларға байланысты"депутаттар демалысын қысқартуды ұсынған.

XS
SM
MD
LG