Accessibility links

SCAT ұшағы өртінен Ақтау әуежайы да зардап шеккен


Ақтау әуежайының директоры Ерғазы Жолдасов. 17 маусым 2015 жыл.
Ақтау әуежайының директоры Ерғазы Жолдасов. 17 маусым 2015 жыл.

Ақтау халықаралық әуежайы директоры Ерғазы Жолдасов Азаттыққа 16 маусымда әуежайда болған ұшақ өртіне қатысты арнайы түсінік берді. Жолдасовтың айтуынша, SCAT әуе компаниясына тиесілі "Боинг-737-300" ұшағы 742-рейспен Астанадан Ақтауға өз уақытында ұшып келген.

Әуежай басшысының сөзінше, ұшақ салонындағы 123 жолаушы түсіріліп, олардың салмағы 1588 кг болатын жүктері тасымалданып бола бергенде ұшақтың жүк салынатын артқы жақтағы бөлігінен өрт шыққан. Өрт сол жердегі оттегі баллондарын толтыру кезінде шыққан.

-SCAT әуе компаниясы инженерінің қолын күйік шалды, басқа адам шығыны болған жоқ. Өртті әуежай өрт сөндірушілері өз күштерімен сөндірді. Өрт ұшақ қанатына жайылып үлгермеді, егер олай болғанда өртті сөндіру мүмкін болмайтын еді, - дейді Ерғазы Жолдасов.

Әуежай директоры ұшақ "үлкен деформацияға ұшырағандықтан" қалпына келтіру мүмкін емес деп санайды.

-Нақты материалдық шығындарды азаматтық авиация комитетінен келетін комиссия анықтайды. Әуежайдың телескопиялық трапының есік, терезесін күйік шалды, құрал-саймандары істен шықты, - деді Жолдасов.

Ақтау халықаралық әуежайы директорының пайымдауынша, әуе компанияларындағы төтенше жағдайлардың жиілеп кетуіне негізінен адам факторы себеп болуы мүмкін.

-Төтенше оқиғалар халықаралық стандарттарды дұрыс меңгермегендіктен туындайды. Оны толық түсінуге тілдік барьердің болуы да, кәсіби деңгейдің төмендігі де әсер етеді, - деді Жолдасов.

XS
SM
MD
LG