Accessibility links

Шымкенттегі жол апаты құрбаны саны 14-ке жетті


Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы. (Көрнекі срет).
Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы. (Көрнекі срет).

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін 16 маусымда күндіз Шымкент-Алматы жолының "Боз Арық" айналма жолында "Mercedes Sprinter" шағын автобусының "Howo" жүк көлігімен соқтығысуы салдарынан қайтыс болған адамдардың саны 14-ке жеткен.

«Бүгін ауруханада ауыр халде жатқан "Mercedes Sprinter" шағын автобусының жүргізушісі қайтыс болды» деп хабарлады Азаттыққа департаменттің баспасөз қызметі. Ал облыстық балалар ауруханасына ауыр халде түскен үш бала дәрігерлердің бақылауында жатыр.

Полиция бұған дейін алдын-ала мәлімет бойынша, жол апаты шағын автобус жүргізушісінің кінәсінен болған деп хабарлаған.

XS
SM
MD
LG