Accessibility links

«Серпін – 2050»: 5 мың оқу гранты бөлінген


Былтыр "Серпін - 2050" бағдарламасы аясында оқу грантын жеңіп алған жастар. Шымкент, 25 тамыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Былтыр "Серпін - 2050" бағдарламасы аясында оқу грантын жеңіп алған жастар. Шымкент, 25 тамыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Биыл 5 мың жас азамат «Серпін – 2050» бағдарламасы бойынша оқуға түсе алады деп хабарлады «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» әлеуметтік жобасы үйлестіру кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов.

Шымкенттегі «Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен брифингке қатысқан Әбеновтің сөзінше, биылғы 5 мың гранттың көбі – 3300-і техникалық мамандықтарды игеруге бөлінген.

«Серпін – 2050» бағдарламасына бес облыстың (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан) түлектері іліне алады. Мұрат Әбенов бұл өңірлердің таңдалу себебін ол аймақта «тұрғындарының саны көбейіп келеді, балабақша мен мектепте орын жетпейді, колледж бен институттарда оқу, жұмыс табу қиындау» деп түсіндірді.

Бұл бағдарламаға ілінген жастар солтүстік және батыс аймақтағы бірнеше облысқа (Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан) барып оқи алады. Мұрат Әбеновтің сөзінше, ол жақта «бала туу деңгейі төмендеген, азаматтар көшіп кетіп жатыр».

Былтыр «Серпін – 2050» бағдарламасы бойынша 1050 грант бөлінген.

XS
SM
MD
LG