Accessibility links

АҚШ конгресі Ирактан әскерді әкетуді қолдамады


АҚШ конгресі. (Көрнекі сурет).
АҚШ конгресі. (Көрнекі сурет).

АҚШ конгресінің өкілдер палатасы президент Барак Обаманы таяудағы айларда Ирактан америкалық әскерилерді түгел шығаруға мәжбүрлейтін заң жобасын қайтарып тастады. Барак Обаманың Демократиялық партиясы бұл заң жобасының қабылдануына мүдделі еді. Құжатты 120 демократ пен Республикашыл партияның 19 өкілі қолдап, 288 республикашыл қарсы дауыс берді.

Заң жобасында егер Ақ үй Ирактан әскерді дереу әкетуді қауіпсіз емес деп тапса, 3 мың 500-ге жуық америкалық әскери қызметкерді бір ай ішінде немесе осы жылдың соңына дейін шығару қарастырылған.

Заң жобасын дайындағандар осы құжат арқылы Ирак пен Сирияда "Ислам мемлекеті" ұйымымен күресте әскери күш қолдануды заңдастыруға қатысты пікірталас тудыруды көздеген.

Өткен жылдың тамызында АҚШ әскери-әуе күштері Ирак пен Сирияда "Ислам мемлекеті" ұйымы содырларына соққы бере бастаған. Бірақ конгрессмендер әзірге бұл қақтығысты формалды түрде болса да талқыламаған және АҚШ-тың әскери килігуіне қатысты дауыс беру өткізбеген.

XS
SM
MD
LG