Accessibility links

Лондон Мәскеуді Савченконы босатуға шақырды


Ұлыбританияның Еуропа істері бойынша министрі Дэвид Лидингтон.
Ұлыбританияның Еуропа істері бойынша министрі Дэвид Лидингтон.

Лондон Мәскеуді қамаудағы украиналық ұшқыш Надежда Савченконы босатуға шақырып, Ресей президенті Владимир Путиннің Ұлыбританияны "қаруын жарқылдатып қорқыта алмайтынын" мәлімдеді.

Украинадағы Ресей басқыншылығына қарсылық символы болған Савченко өткен жылы Украина шығысында ресейлік екі журналистің өліміне қатысы бар деген айыппен тұтқындалып, Мәскеу абақтысында отыр. Савченконың денсаулығы ол өзіне қарсы "саяси астары бар айыпқа" қарсылық ретінде аштық жариялағаннан соң нашарлап кеткен.

Ұлыбританияның Еуропа істері бойынша министрі Дэвид Лидингтон Савченкоға жазған ашық хатында Лондонның оны босатуды талап ететіні жазылған. "12 ай қамауда отырып сіз үлкен ерлік пен шыдамдылық таныттыңыз" деген Лидингтон Мәскеуді халықаралық міндеттемелерін орындауға шақырған.

Эстонияда сапарлап жүрген Ұлыбритания қорғаныс министрі Майкл Фэллон Владимир Путинді Ресейдің ядролық арсеналында құрлықаралық баллистикалық зымыран санын арттыру ниетін сынады.

"Бұлайша қаруды жарқылдату арандату мен қорқытып-үркітуден басқа ешнәрсе емес. Біз өз қорғаныс жүйемізді жаңартуға және сенімді қалпына келтіріп, қарулануға қажетті барлық шараларды атқаруға дайынбыз" деді Фэллон.

XS
SM
MD
LG