АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатындағы тарихи Имануэль Африка методистерінің епископтық шіркеуінде болған атыстан тоғыз адам қаза тапты.
Биліктің хабарлауынша, Чарльстон қаласында болған атыстан алғаш сегіз адам, кейін бір адам қаза тапқан. Тағы бір адам жараланып, ауруханаға түскен. Полиция күдікке ілінген 20 жастағы жігітті іздеп жатыр.
Чарльстон қалалық полициясы басшысы Грегори Муллен "Қазіргі заманда біреу шіркеуге басып кіріп, құлшылық қылып жатқан адамдардың өмірін қияды деуді түсінудің өзі қиын" дейді.
19 ғасырда салынған Имануэль Африка методистерінің епископтық шіркеуі АҚШ-тағы ең ескі шіркеулердің бірі саналады. Шіркеудің негізін салғандардың бірі 1822 жылы сәтсіздікке ұшыраған құлдар көтерілісін басқарған.