Accessibility links

Нарметовке өмірлік түрме жазасы сұралды


Ынтымақ ауылының орталық көшесі. 11 ақпан 2015 жыл

Бүгін сот барысында айыптаушы тарап Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы биылғы ақпан айындағы кісі өліміне кінәлі деп танылған Навмидин Нарметовке өмір бойы түрмеде отыру жазасын сұрады.

Сот үкімі бүгін шығуы мүмкін.

Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы тергеу бөлімі бастығының орынбасары Болат Сыматаевтың Азаттық тілшісіне хабарлауынша мемлекеттік айыптаушы судиядан айыпталушы Навмидин Нарметовке өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын сұраған.

Айыпталушы Навмидин Нарметов кісі өліміне айыпты деп табылып, үстінен іс қозғалған.

2015 жылы ақпанның 4-іне қараған түні Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Бостандық ауылына жақын маңда Бақытжан Артықовтың мәйіті табылған.​ Осы оқиғадан кейін Ынтымақ пен Бостандық ауылдарында қазақ жастары жаппай көшеге шығып, сол ауылдағы жергілікті этникалық тәжіктерге тиесілі ондаған үй мен көліктер өртенген еді. Тергеу барысында марқұмның өліміне көршілес Бостандық ауылының тұрғыны Навмидин Нарметов күдікті деп танылып, ұсталған.

Облыстық ішкі істер департаменті "деректер бойынша, кісі өліміне Нарметовтің Артықовтың жылыжайын жалға алуына байланысты туындаған дау себеп болған" хабарлаған.

XS
SM
MD
LG