Accessibility links

Ресей мен Грекия газ құбыры келісіміне қол қойды


Ресей газын Еуропаға тасымалдайтын "Түркия ағыны" құбыры жобасы.
Ресей газын Еуропаға тасымалдайтын "Түркия ағыны" құбыры жобасы.

Грекия мен Ресей Еуропаға газ тасымалдайтын "Түркия ағыны" газ құбырын Грекия территориясы арқылы тарту келісіміне қол қойды.

Ресей энергетика министрі Александр Новак пен Грекия энергетика министрі Панагиотис Лафазанис құжатқа 19 маусымда Санкт-Петербургте өткен экономикалық форум аясында қол қойды.

Лафазанис құбыр құрылысына қаржыны Ресейдің "Внешэкономбанк" мемлекеттік даму банкі бөлетінін айтты. Оның сөзінше, Грекияға қарызын төлей алмай отырған кезеңде "қысым емес, қолдау қажет" және Афинаның Мәскеумен ынтымақтастығы Еуропаға немесе басқа елдерге қарсы бағытталмаған.

Ресей президенті Владимир Путин құбыр салынса Грекия "газ тасымалынан жылына миллиондаған доллар пайда тауып, аймақтағы ірі газ транзиті орталығына айналатынын" айтады.

XS
SM
MD
LG