Тәжікстан арнайы полициясы командирі Гулмурод Халимовтың "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы жағына өткені туралы видео тарағаннан кейін Тәжікстанда Facebook, YouTube және "Одноклассники" әлеуметтік желілері бұғатталды. Алайда Тәжік билігі ешқандай ресми түсініктеме бермеген.
Тәжікстан арнайы полициясының командирі Гулмурод Халимов сәуір айында із-түссіз жоғалып кеткен еді. Оның ИМ жағына өткені туралы ақпарат Тәжікстан билігін тіксінтіп тастаған. Душанбе кейінгі уақытта жастарды Сирия мен Иракқа соғысқа барудан сақтандыру жұмыстарын белсенді түрді жүргізіп жатыр.
Тәжікстан ақпарат құралдары 18 маусымнан бастап Халимовтың "кәпірлермен соғысу" туралы үндеу-видеосы ашылмай тұрғанын хабарлады.
Видеода Халимов пен басқа да қарулы адамдар ИМ туы астында отырып, оның Сирияға тәжік содыры Нусрат Назаровтың көзін жоюға аттанғаны туралы лақапты жоққа шығарған.