Ресей мемлекеттік дума депутаттары келесі жылы парламент сайлауын үш айға ерте өткізу туралы заң жобасын алдын ала мақұлдады. Кейбір сарапшылар пікірінше, "бұл - оппозицияны әлсіретуге бағытталған қадам".
Заң жобасын депутаттардың 339-ы қолдаған, 101-і қарсы болған, бір адам қалыс қалған. Құжатты Федерация кеңесі бекітсе, Ресей президенті Владимир Путинге қол қоюға жіберіледі.
Заң жобасы бойынша, Ресейдегі парламент сайлауы 2016 жылдың желтоқсанында емес, қыркүйегінде өтеді.
18 маусым күні Ресей экс-қаржы министрі Алексей Кудрин Путиннің президенттік мерзімі 2018 жылы аяқталатынын айтып, президент сайлауын да ерте өткізуді ұсынған еді. Әзірге Ресейде президент сайлауы туралы мәселе қозғалмады.