Жаңа Зеландияда өткен 20 жастан төменгілер арасындағы футболдан әлем чемпионы Сербия болды. 20 маусым күні өткен финалда Сербия футболшылары Бразилия құрамасын 2-1 есебімен ұтқан.
Ойынның негізгі уақытында серб футболшысы Станиса Мандич бірінші голды салғанымен, Андреас Перейра үш минуттан кейін есепті теңестіріп кеткен.
Екі команда негізгі уақытты теңбе-тең аяқтап, қосымша уақыттың 118-минутында Сербия футболшысы Неманья Максимович гол соққан.
Бұрынғы Югославия (Сербия құрамында болған еді - ред.) 1987 жылы Чилиде бұл турнирдің жүлдегері болған еді, Сербия тәуелсіз ел ретінде бірінші рет қатысты.