Accessibility links

Бельгия Ресей активтерін тұтқындамайтын болды


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Бельгия сыртқы істер министрі Дидье Рейндерс (оң жақта). (Көрнекі сурет)
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Бельгия сыртқы істер министрі Дидье Рейндерс (оң жақта). (Көрнекі сурет)

Бельгия сыртқы істер министрі Дидье Рейндерс "Ресей елшілігінің банк есеп-шоттарын құлыптамайтын болдық" деп мәлімдеді. Бұл активтер бұрынғы ЮКОС компаниясының акционерлері тарапынан түскен арыз бойынша тұтқындалған еді.

20 маусым күні Бельгия сыртқы істер министрлігі "активтерді тұтқыннан босату туралы шешім шықты" деп хабарлады. Бұл есеп-шоттар Ресей елшілігінің қызмет атқаруын қамтамасыз етеді.

Министрлік өкілдері Ресей елшілігінің ING Bank-тегі есеп-шоты алғашқылардың бірі болып ашылатынын мәлімдеген.

Мәскеу 19 маусым күні активтері Бельгия соты үкімімен құлыпталғаннан кейін, бұл елмен байланысы бар Ресейдегі шетелдік компанияларға қарсы шара қолданатынын мәлімдеген.

Ресей президенті Владимир Путин "біз мүддемізді қорғаймыз" деген еді. Бұрынғы ЮКОС акционерлері өкілдері 19 маусым күні Франциядағы Ресей активтері де тұтқыннан босайтынын хабарлаған.

Былтыр Гаага соты таратылған ЮКОС компаниясының бұрынғы акционерлеріне өтемақы ретінде Ресейді 50 миллиард доллар төлеуге міндеттеген. Михаил Ходорковскийге тиесілі болған ЮКОС компаниясын Кремль 10 жыл бұрын таратып жіберген еді. Путин 19 маусым күні "Гаага сотының үкімі Ресейге жүрмейді" деп мәлімдеді. Ресей активтерін тұтқынға алмау туралы Францияға да ескерту жасаған болатын.

XS
SM
MD
LG