Accessibility links

Astana Arlans әлемдік бокс сериясында жеңімпаз атанды


Astana Arlans клубының боксшысы Василий Левит рингке шығып келеді. Сурет Astana Arlans клубының ресми сайтынан алынды.
Astana Arlans клубының боксшысы Василий Левит рингке шығып келеді. Сурет Astana Arlans клубының ресми сайтынан алынды.

Астанада өткен әлемдік бокс сериясы (WSB) жобасының финалында қазақстандық Astana Arlans командасы кубалық Cuba Domadores клубын 6:4 есебімен жеңді.

Екінші күнгі финалда Олжас Сәттібаев, Асылан Шымбергенов және Иван Дычко өз қарсыластарын жеңді. Шымбергенов Лондон олимпиадасының чемпионы Рониель Иглесиас Сотолонгодан басым түсті.

Осылайша, Astana Arlans екінші рет бұл жобада жеңіске жетті. Алғаш рет 2013 жылы ұтқан еді.

Ал 2014 жылы Cuba Domadores клубы жеңімпаз атанған.

XS
SM
MD
LG