Данияда жаңа азшылықтан құралатын үкіметті оңшыл "Венстре" партиясының жетекшісі Ларс Локке Расмуссен жасақтауы мүмкін. Журналистер алдында сөйлеген Расмуссен түрлі партиялармен кеңескеннен кейін ол ханшайым Маргарет екінші тапсырғандай коалициялық үкімет құру мүмкін емес екенін түсінгенін айтты. Ол 22 маусымда ханшайымнан азшылық үкіметін жасақтауға рұқсат сұрамақ.
18 маусымда өткен парламент сайлауында премьер-министр Хелле Торнинг-Шмидт басқаратын солшыл коалиция жеңіліске ұшырап, бұрынғы премьер Ларс Лекке Расмуссеннің оңшыл коалициясы жеңген.
Даниядағы парламент сайлауы мерзімінен бұрын өтті. Хелле Торнинг-Шмидт елдегі экономикалық қолайлы жағдайды және сайлау мерзімін тағайындау құқығын пайдаланып, дауыс беруді 18 маусымға белгілеген.