Accessibility links

НАТО жедел әрекет ету күштері санын арттырмақ


НАТО-ның жедел әрекет ету күштері Польшада өткен әскери жаттығуда. 17 маусым 2015 жыл.
НАТО-ның жедел әрекет ету күштері Польшада өткен әскери жаттығуда. 17 маусым 2015 жыл.

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергтің айтуынша, осы аптада альянс жедел әрекет ету күштері әскері санын екі еседен астамға көбейтуді мақұлдамақ. Брюссельде 24-26 маусым аралығында өтетін альянс мүшелері қорғаныс министрлері кездесуі қарсаңында сөйлеген Столтенберг "НАТО қорғаныс министрлері 13 мың адамды құрайтын жедел әрекет ету күштерінің қуаты мен мүмкіндіктерін күшейтіп, санын 30-40 мыңға дейін ұлғайтуға шешім қабылдайды" деді.

Столтенберг бұған қоса альянс өткен жылы қыркүйек айындағы саммитте құруға келіскен дайындығы аса жоғары біріккен күштердің әлеуетін жоспарлы түрде арттыратынын да айтты. Бұл күштер операцияға шапшаң, бірер күн ішінде жұмылдырылады.

АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер Германияға сапарында Вашингтон дайындығы аса жоғары біріккен күштерге әскер қосып, барлау деректерімен бөлісетінін және басқалай да әскери қолдау көрсететінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG