Accessibility links

Күрдтер ИМ-нен Раккадағы әскери базаны қайтарды


Күрд жасақтары Тель-Абьяд қаласын лапы, шерулетіп барады. Ракка, Сирия, 17 маусым 2015 жыл.
Күрд жасақтары Тель-Абьяд қаласын лапы, шерулетіп барады. Ракка, Сирия, 17 маусым 2015 жыл.

Күрд жасақтары қолбасшылығының мәліметінше, күрдтер "Ислам мемлекеті" ұйымы содырларынан Сирияның Ракка провинциясындағы әскери базаны қайтарып алған. Күрд жасақтары осыдан бір апта бұрын осы аудандағы маңызды шекара бекетін тартып алған еді.

Күрдтер АҚШ бастаған шетел коалициясының әуе шабуылдарының және шағын көтерілісші топтардың қолдауымен ИМ-нің негізгі тірегі саналатын Ракка қаласы маңындағы Айн-Исса қалашығынан 6 километр қашықтықта алға жылжып келеді. Содырлар әскери базаны өткен жылы Сирия үкімет күштерінен тартып алған еді.

Syrian Observatory for Human Rights ұйымы басшысы Рами Абдулрахманның сөзіне қарағанда, бұл жеңіс "ИМ-нің өз ішінен күйрей бастағанын" көрсетеді.

Әскердің Раккаға жедел жылжуы күткендегіден көп нәтиже берді. Бұған дейін күрдтер шекарадағы Кобани қаласы үшін төрт ай соғысып, қаңтарда қаланы қайтарып алған.

Сирияның солтүстігіндегі бұл майдан ИМ-ге қарсы соғыс жүргізіп жатқан халықаралық коалиция үшін ең табысты болып отыр. Пентагонның мәліметінше, содырлар өткен аптада күрдтер екі күнде басып алған шекарадағы Тель-Абьяд қаласынан шегініп барады. Күрдтер бұл қаланы басып алу арқылы содырларды Түркиядан келетін маңызды тасымал жолынан айырды.

XS
SM
MD
LG