Accessibility links

Ереванда наразылықтан жол жабылды


Еревандағы наразылық танытушылар мен полиция арнайы жасағы. Армения, 23 маусым 2015 жыл.
Еревандағы наразылық танытушылар мен полиция арнайы жасағы. Армения, 23 маусым 2015 жыл.

Ереванда электр энергиясы тарифтерінің қымбаттауына наразылық танытушылар мен полицияның теке-тіресінен қала орталығындағы даңғыл жабық тұр.

23 маусым күні кешке 7 мыңға тарта демонстрант Ереванның орталығында президент сарайына қарай шерулетіп бармақ болған. Бірақ полиция олардың жолын бөгеген. Жүздеген демонстрант өткен түнді баррикада ретінде қойған қоқыс контейнерлерінің жанында өткізген.

24 маусым күні таңертең Ереван полициясы басшысы Ашот Карапетян наразылық танытушылардан бейбіт түрде тарауын сұрап, үндеу жасады.

23 маусымда полиция арнайы жасағы демонстранттарды күшпен қуып тарату кезінде оқиға орнынан хабар таратып жүрген Азаттықтың Армян қызметінің журналистерін соққыға жығып, құрал-жабдығын тартып алған. Кейін полиция 230-дан астам демонстрант пен белсендіні ұстап, соққыға жыққан. Наразылық шарасы электр энергиясы 16 пайызға қымбаттаған соң 19 маусымда басталған.

Соңғы жылдары Арменияда мұндай ауқымды наразылық болмаған.

XS
SM
MD
LG