Accessibility links

Шыңжаңда шабуылдан 18 адам қаза тапқаны хабарланды


Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданы орталығы Үрімжі қаласында жүрген қытайлық полицейлер. (Көрнекі сурет).
Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданы орталығы Үрімжі қаласында жүрген қытайлық полицейлер. (Көрнекі сурет).

АҚШ-та орналасқан Азат Азия радиосы 24 маусымда Қытайдың батысындағы Шыңжаң ұйғыр автономиялаық ауданында бір топ этникалық ұйғырдың полицияның бақылау-өткізу бекетіне "шабуылдап", кемінде 18 адам қаза тапқанын хабарлады.

Шабуыл 22 маусымда соңғы жылдары азшылықты құрайтын мұсылман ұйғырлар мен көпшілік хан қытайлары арасы шиеленіскен оңтүстіктегі Қашғар қаласында болған.

Жергілікті полициядағы дереккөзінің мәліметінше, пышақпен және жарылғыш бомбалармен қаруланған күдіктілер Қашғар қаласында бірнеше полиция қызметкерін мерт еткен. Бұдан соң полиция15 күдіктіні "террорист" деген күдікпен көзін жойған.

Қытай сыртқы істер министрлігінің өкілі Лю Кан ақпаратты әзір растай алмайтынын айтты.

Қытайда 20 миллионға тарта мұсылман тұрады. Олардың біразы этникалық ұйғырлар.

XS
SM
MD
LG