Accessibility links

Қырғызстан: Гейлерге қарсы құжат екінші оқылымнан өтті


Қырғызстан парламенті отырысы. (Көрнекі сурет).
Қырғызстан парламенті отырысы. (Көрнекі сурет).

Қырғызстан парламенті депутаттары "гомосексуализмді насихаттағандарға" қылмыстық жазаны күшейтетін заң жобасын екінші оқылымда көпшілік дауыспен мақұлдады. Құжатты 90 депутат қолдап, екі депутат қарсы дауыс берді.

Заң жобасы енді үшінші оқылымда талқылануы тиіс. Құжат мақұлданса, ол президенттің қол қоюына жіберіледі.

Заң жобасы қабылданса, онда «гомосексуализмді насихаттағандар» алты айдан бір жылға дейін түрме жазасына кесіледі. Бір жынысты некені «БАҚ арқылы насихаттаған» журналистер де жауапқа тартылады. Заң жобасы бұған қоса гомосексуалистердің өз құқықтарын қорғайтын ұйым құруына тыйым салады.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары бұған дейін заң жобасын сынаған. Human Rights Watch ұйымы құжатты "кемсітушіліктің сорақы түрі" деп атап, Қырғызстанды заң жобасынан бас тартуға шақырған.

2013 жылы Ресейде де тура осындай заң қабылданған.

XS
SM
MD
LG