Accessibility links

Бішкек: Қырғыз тауары ЕЭО-ға 2017 жылы шығады


Қырғызстанда өндірілген тауарлар Еуразия экономикалық одағы (ЕЭО) елдеріне 2017 жылы ғана толықтай шыға алады деп мәлімдеді Қырғызстан экономика министрі Олег Панкратов.

Журналистер алдында сөйлеген Панкратов "бүгін шекара ашылса, онда Қырғызстан тауарлары Қазақстан мен Ресей нарығын жаулап алады деген дұрыс емес" екенін айтты. Оның сөзінше, 2016 жыл Қырғызстан үшін "өтпелі" жыл болмақ.

Мамыр айында Қырғызстан ЕЭО-ға кіру жөніндегі барлық процедураларын аяқтап, одаққа кіру туралы келісімді парламент мақұлдап, президент қол қойған. Енді ол келісімді ЕЭО-ға мүше елдер - Қазақстан, Ресей, Беларусь және Армения мақұлдауы тиіс.

ЕЭО 2015 жылдың қаңтарынан жұмыс істеп жатыр.

XS
SM
MD
LG