Ресейдің "Роскосмос" ғарыш агенттігінің хабарлауынша, Байқоңырдан 3 шілде күні ұшуы тиіс «Прогресс М-28М» жүк таситын ғарыш кемесінің басына, ауа қарсылығын жеңілдететін сүйір ұштығы орнатылған.
Ресей ғарыш агенттігінің ақпаратына қарағанда, ұштық 25 маусым күні орнатылып, Байқоңыр ғарыш айлағының монтаж-сынақ корпусында ғарыш кемесі авторлық тексеруден өткен.
«Прогресс М-28М» ғарыш кемесін «Союз-У» зымыран тасығышы 3 шілде күні Байқоңырдан ғарышқа алып ұшады деп жоспарланған.