Accessibility links

АҚШ Қытайдың теңіздегі әрекетін қолдамайды


АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Энтони Блинкен.
АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Энтони Блинкен.

АҚШ Қытайдың Оңтүстік Қытай теңізінде жасанды арал салу әрекетін Ресейдің Украина аумағындағы арандатушылық саясатымен теңестіретінін мәлімдеді.

АҚШ үкіметі Қытайдың Оңтүстік Қытай теңізінде жаңа территориялар салу әрекетіне қатысты ескерту жасап, АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Энтони Блинкен "Қытайдың теңіздегі ауқымды мелиоративтік жобалары бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіреді" деп мәлімдеген.

Блинкен Вашингтонда АҚШ қауіпсіздігі орталығындағы сөзінде "Біз екі жағдайда да - Украина шығысында да, Оңтүстік Қытай теңізінде де тұрақты шекараларды өзгертуге тырысу әрекеттерін байқаймыз. Мұндай қылмыстарға АҚШ пен оның одақтастары қарсы" деген.

АҚШ-тың бұл ескертуі Қытайдың жасанды арал салу әрекеттеріне қарсы Филиппин мәлімдемесімен тұспа-тұс келді. Филиппин мәліметіне қарағанда, Қытай теңізде кем дегенде екі арал салып жатыр.

АҚШ үкіметі аймақтағы кеме қозғалысы еркіндігі мен бейбітшілікті жақтайтынын айтады. Блинкен "Қытай мелиоративтік жобаларын тоқтатып, заңды сыйлайтынын көрсетсін" дейді. Ал Қытай үкіметі Оңтүстік Қытай теңізінде арал салуға толық құқығымыз бар деп санайды.

XS
SM
MD
LG