Бұл туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 27 маусым күні EXPO-2015 көрмесі өтіп жатқан Милан қаласында Италия премьер-министрі Маттео Ренцимен бірге Қазақстан-Италия бизнес форумына қатысқан кезінде мәлімдеген.
Назарбаев республикада ашық еңбек нарығын қалыптастыру мақсатында тағы 10 елдің азаматтарына визасыз кіруге рұқсат берілетінін айтты.
– Инвесторлардың шетелдік жұмыс күшін қандай да бір квотасыз және рұқсатсыз әкелуге мүмкіндігі бар. Сонымен қатар әлемнің 10 елінің инвесторлары үшін визасыз режім орнатылған, бұл тізімге Италия да кіреді. Биылғы 15 шілдеден бастап инвесторлар үшін визасыз режімді ұзартамыз. Оның қатары тағы 10 ел – Швейцария, Испания, Бельгия, Венгрия, Монако, Сингапур, Австралия, Норвегия, Швеция және Финляндия арқылы толығады. Әлемде инвесторлар үшін осындай шарттар ұсынатын мемлекеттер көп емес деп ойлаймын, – деген Нұрсұлтан Назарбаев.
Бұл туралы президенттің ресми сайты хабарлады.