Accessibility links

Тайваньда жараланғандар саны 500-ден асты


Тайваньдағы ойын-сауық паркіндегі жарылыстан жараланғандар саны 500-ден асты. Оқиға 27 маусым күні Нью-Тайпэйдегі аквапаркте болған. 

Болжам бойынша, паркте өрт шығып, тез тұтанатын ұнтақ жарылған. Жарылыс себебі әлі тексеріліп жатыр.  

Түрлі-түсті ұнтақ мыңға жуық адам қатысып жатқан би кешінде ауаға шашылған.  

Осы елдің денсаулық сақтау министрлігі 510 адамның жараланғанын хабарлады. Олардың 180-нен астамының жарақаты ауыр.

 

XS
SM
MD
LG