Accessibility links

Алматы белсенділері Тәуелсіздік монументіне гүл қойды


Тәуелсіздік монументіне белсенділер қойған гүлдер. Алматы, 28 маусым 2015 жыл.
Тәуелсіздік монументіне белсенділер қойған гүлдер. Алматы, 28 маусым 2015 жыл.

Бүгін сағат 11:00-де Алматыдағы Тәуелсіздік монументі жанына Ермек Нарымбаев бастаған бір топ белсенді жиналып, ескерткішке қара лента байланған гүл шоқтарын қойды.

Жиналғандардың дені банк борышкерлерінің «Халыққа баспана қалдырайық» қозғалысы мүшелері болды. Белсенділердің айтуынша, "олар Қазақстан тәуелсіздігін жоғалтты деп санайды, сондықтан тәуелсіздікті еске алып, гүл шоқтарын қою шарасын өткізу туралы шешім қабылдаған".

- МузТВ-ның шарасы, Олимпиада, ЭКСПО, гептилдің төгілуі, киіктің қырылуы мұның бәрі тәуелсіздігімізді жоғалтып алғанымызды көрсетеді. Мұның бәрі - 25 жыл ішіндегі Назарбаевтың үздіксіз билігінің салдары. Біз Ресейдің губерниясына айналдық, - деді Ермек Нарымбаев.

Белсенді «Бұдан бұрын бірнеше рет митинг өткізу туралы әкімдікке өтініш бергендерін, бірақ олар рұқсат бермеген соң осындай бейбіт акция өткізуге тура келгенін» айтады.

30 шақты адам жиналған шараны полиция бақылап тұрды. Шара жарты сағатқа созылды.

XS
SM
MD
LG