Accessibility links

Түркіменстанда президент туған күнін атап өтіп жатыр


Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов.
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов.

Түркіменстанда бүгін президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің 58 жасқа толған туған күнін атап өтіп жатыр. Мемлекеттік телеарналар бағдарламасының көпшілігін ел президентіне арнаған.

Ашғабадта билік көптеген мүсіндік композициялар орнатылған жаңа паркті ашты. Паркке қанша қаржы кеткені айтылмайды. 29 маусымда Түркіменстанда бір аптаға созылған мәдениет фестивалі аяқталады. Фестивальде президент Бердімұхамедов жазды делінген "Түркімен мәдениеті" және "Бакшы - халық бақытының жаршысы" деп аталатын жаңа мекі кітап таныстырылды.

Бұдан екі ай бұрын Ашғабадта Гурбангулы Бердімұхамедовтің аттың үстінде отырған ескерткіші ашылған.

XS
SM
MD
LG