Accessibility links

Ақмолада 2 жұмысшы қаза тапты


Ақмола облысының аумақтық картасы.
Ақмола облысының аумақтық картасы.

Ақмола облысында темір-бетон плитасының құлауы салдарынан екі жұмысшы қаза тапты. Оқиға Есіл ауданындағы Знаменка ауылында дүйсенбі күні кешке болған.

ҚазАқпараттың облыстық төтенше жағдай департаментіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша темір-бетон плитасы шұңқырда жұмыс істеп жатқан жұмысшылардың үстіне құлаған.

Қаза тапқандар Қостанай облысы тұрғындары екені, оның бірі әлі кәмелетке толмаған адам екені хабарланып отыр. Ал аман қалған 17 жастағы тағы бір бір Қостанай облысы тұрғыны Есіл аудандық ауруханасына жеткізілген.

Осы оқиғаға байланысты "еңбекті қорғау ережесін бұзу" бабы бойынша іс қозғалған.

XS
SM
MD
LG