"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы Сирияда алғаш рет екі әйелдің басын алды деп хабарлады бүгін Ұлыбританияда орналасқан Syrian Observatory for Human Rights ұйымы.
Ұйым ақпаратына қарағанда, екі әйел мен олардың күйеулері "сиқыршылықпен айналысты" деп айыпталған. Әйелдерді 28 және 29 маусым күндері Сирияның Дэйр әл-Зор провинциясында күйеулерімен бірге өлтірген.
"Ислам мемлекеті" тобы бұған дейін талай адамды қатыгездікпен өлтіргені үшін танымал болған. Кейбір ақпараттар бойынша, ұйым содырлары бұған дейін "зина жасады" деп айыпталған әйелдерді таспен ұрып өлтірген.
Бірақ Сириядағы қақтығыстарды бақылап отыратын Syrian Observatory for Human Rights ұйымы ИМ содырларының әйелдердің басын алуы бірінші рет болып отырғанын айтады.