Accessibility links

"KazSat-2" спутнигінде штаттан тыс жағдай туындады


"KazSat-3" спутнигін тіркеген зымыранның ғарышқа ұшырылу сәті. Байқоңыр, 28 сәуір 2004 жыл.
"KazSat-3" спутнигін тіркеген зымыранның ғарышқа ұшырылу сәті. Байқоңыр, 28 сәуір 2004 жыл.

Қазақстандық "KazSat-2" спутнигінде 30 маусым күні штаттан тыс жағдай туындады деп хабарлады бүгін Қазақстандағы ең ірі эфирде хабар тарату операторы "Қазақтелерадио" компаниясына сілтеме жасаған жергілікті агенттіктер. Осыған байланысты алдағы күндері Қазақстанның "OTAU TV" спутниктік желісінде бірнеше телеарналарды тарату уақытша тоқтауы мүмкін.

"Қазтелерадио" таратқан хабарламада "30 маусымда "KazSat-2" спутнигінде туындаған штаттан тыс жағдайға және оның салдарынан жүктеменің басқа спутник бортына ауыстырылуына байланысты 30 маусым мен 3 шілде аралығында сағат 10:00-ден 18:00-ге дейінгі аралықта "OTAU TV" спутниктік желісінің телеарналарын тарату тоқтатылады" делінген. Бұған қоса спутник қызметі қалпына келтірілгенше бірнеше облыстық телеарналарды тарату да тоқтатылмақ.

Ресейде жасалған "KazSat-2" спутнигі 2011 жылы жазда Байқоңырдан ұшырылған. Қазақстанның 2006 жылы маусымда ұшырған алғашқы "KazSat-1" спутнигі де Ресейде 65 миллион АҚШ долларына жасалған. Бұл спутник 2008 жылы маусымда істен шығып, кейін орбитаға жіберілген.

Қазақстанның үшінші спутнигі "KazSat-3" спутнигі 2014 жылдың 28 сәуірінде ұшырылған. 2014 жылдың желтоқсанында оның іске қосылғаны хабарланған.

XS
SM
MD
LG