Accessibility links

Қырғызстанның ЕЭО-ға мүшелігін Мәжіліс мақұлдады


Астанадағы парламент мәжілісі ғимараты.
Астанадағы парламент мәжілісі ғимараты.

Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттары Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО немесе ЕЭО) кіру келісім-шартын ратификациялады.

Мәжіліске заң жобасын ұсынған Қазақстан ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Қырғызстанның ЕЭО-ға мүше болу шарттарымен келісетінін мәлімдеді.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы сенаттың қарауына жіберілді.

Биыл мамыр айында Қырғызстан ЕЭО-ға кіру жөніндегі барлық процедураларын аяқтап, одаққа кіру туралы келісімді Қырғыз парламенті мақұлдап, ел президенті қол қойған. Енді ол келісімді ЕЭО-ға мүше елдер - Қазақстан, Ресей, Беларусь және Армения мақұлдауы тиіс.

ЕЭО 2015 жылдың қаңтарынан жұмыс істеп жатыр.

XS
SM
MD
LG