БҰҰ дерегі бойынша, 2015 жылдың алғашқы жарты жылдығында Еуропаға теңіз арқылы 137 мың босқын өткен. Бұл 2014 жылдың алғашқы алты айымен салыстырғанда 80 пайызға артық.
Бір Грекияның өзіне келген босқындар саны 68000 адамды құраған. Еуропаға қарай қашып жатқан босқындардың көбі Сириядан - 44 мың адам. Одан кейінгі орында Эритерия мен Ауғанстан тұр.
БҰҰ есебінде босқындар Еуропа жағалауларына Жерорта теңізі арқылы келгені және қолдан жасалған, қауіпсіздік талаптарына сай емес қайықтарды пайдаланғаны айтылған.