Accessibility links

Индонезия: Ұшақ апаты құрбаны саны 130-ға жетті


Индонезиядағы ұшақ апатқа ұшыраған орын. 30 маусым 2015 жыл.
Индонезиядағы ұшақ апатқа ұшыраған орын. 30 маусым 2015 жыл.

Индонезияда Hercules-130 әскери жүк тасымалдаушы ұшағының апатқа ұшырауынан қаза тапқандар саны 130 адамға жетті.

Ұшақ 30 маусым күні Индонезияның Суматра аралындағы Медан қаласында тұрғын аймаққа құлаған. Ұшақ апатқа ұшырағанға дейін бірнеше ғимаратты соғып өткен.

Индонезия қарулы күштері әуе қорғанысы күштері басшысы Агус Суприатна ұшақта 113 адам болғанын және олардың бір де бірі тірі қалды үміттенбейтінін айтты. Қаза тапқан 50 адамның денесі ендігі ауруханаға әкетілген.

1964 жылы жасалған ұшақ әскерилер мен олардың отбасыларын тасымалдап бара жатқан. Ұшақ базадан ұшып шыққаннан көп ұзамай апатқа ұшыраған.

Суприатнаның сөзінше, ұшқыш ұшақта техникалық ақау туындағанда базаға кері қайтуды сұраған.

2005 жылы Медан қаласы әуежайынан ұшып шыққан бойда "Boeing 737" ұшағы тұрғын аймақта апатқа ұшырап, 143 адам мерт болған еді.

XS
SM
MD
LG