Accessibility links

Сирия: Күрдтер Таль-Абияд қаласын ИМ-нен қайтарды


Таль Абияд қаласының бір бөлігін содырлардан босатқан сириялық күрдтер қала көшелерімен шерулетіп өтіп барады. Сирия, 26 маусым 2015 жыл.
Таль Абияд қаласының бір бөлігін содырлардан босатқан сириялық күрдтер қала көшелерімен шерулетіп өтіп барады. Сирия, 26 маусым 2015 жыл.

Сириялық күрдтер шілденің 1-і күні шекараға жақын орналасқан Таль Абияд қаласын "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы содырларынан толық қайтарып алғанын хабарлады.

Күрдтердің пешмерга жасақтары өкілі бұған дейін ИМ содырлары басып алған қаланың шығыс бөлігі өздерінің бақылауына өткенін айтты.

Сирияның Түркиямен шекарасына жақын Таль Абияд қаласы бұған дейін ИМ содырларының керек-жарақ, контрабандалық мұнай тасымалдайтын әрі шетелдік содырларды өткізетін транзиттік орталығы болған.

Бірақ екі апта бұрын күрд жасақтары АҚШ әскери-әуе күштерінің қолдауымен қаланы содырлардан қайтарып ала бастаған.

ИМ содырлары 30 маусымда қаланың Машур әл-Фаукани ауданына тұтқиылдан шабуылдап, күрдтермен ауыр шайқас өткізген. 1 шілденің таңында қала күрд жасақтары бақылауына толықтай өтті.​

XS
SM
MD
LG