Accessibility links

Армения шерушілерді қуып тарату заңдылығын тексермек


Полицияның Еревандағы демонстранттарды күшпен қуып таратуы. Армения, 23 маусым 2015 жыл.
Полицияның Еревандағы демонстранттарды күшпен қуып таратуы. Армения, 23 маусым 2015 жыл.

Армения бас прокуратурасы елдің арнайы тергеу қызметінен полицияның Еревандағы электр энергиясы тарифтерінің қымбаттауына наразылық танытушыларды қуып тарату кезінде күш қолдануының заңдылығын тексеруді сұрады. Бұл жайында бүгін Армения бас прокуратурасы Геворк Костанян хабарлады.

23 маусымда армян полициясы су ататын құралды қолданып, Ереванда Армения президенті резиденциясы маңындағы демонстранттарды қуып таратқан. Ресми дерек бойынша, акцияға қатысқан 237 адам тұтқындалған. Олардың жетеуі жараланып, үшеуі ауруханаға түсті.

Кеше Еревандағы Баграмян алаңында мыңға тарта демонстрант тарифтердің қымбаттауына наразылық танытып, жайғасып алған. Олардың кейбірі аштық жариялаған. Қазір Ереван орталығында жүзге тарта наразылық танытушы бар.

Демонстранттар әуелде қойған электр қуатының қымбаттауын болдырмау, 23 маусымдағы шерушілерді қуып таратуға жауаптыларды жазалау, "Армения электр желілері" компаниясын ("ЕЭС России" компаниясының еншілес компаниясы) миллиондап қарызға батыруға кінәлілерді жауапқа тарту талаптарын өзгерткен жоқ.

Еревандағы демонстрацияны қолдап Гюмри қаласында бірнеше күн бойы наразылық акциясын өткізгендердің біріне "бұзақылық жасады" және "қоғамдық тәртіпті бұзды" деген айыптар тағылған. Белсенді кінәсін мойындаудан бас тартты. Белсенді өзіне қарсы айып қолдан жасалған дейді.

XS
SM
MD
LG