Accessibility links

Еуропа соты Беслан оқиғасы жайлы шағымды қарайды


Бесландағы теракт салдарынан қаза тапқандардың туыс-жақындары Еуропаның адам құқығы жөніндегі сотында. Страсбург, қазан, 2014 жыл.
Бесландағы теракт салдарынан қаза тапқандардың туыс-жақындары Еуропаның адам құқығы жөніндегі сотында. Страсбург, қазан, 2014 жыл.

Бүгін Еуропаның адам құқығы жөніндегі соты 2004 жылы қыркүйекте Бесланда террористер көп адамды кепілге алған оқиға кезіндегі биліктің іс-қимылына қатысты берілген шағым бойынша шешім шығаруы тиіс. Бесландағы қайғылы оқиға салдарынан 334 адам қаза тапқан, олардың жартысынан астамы – балалар.

Бұл іс бойынша сотқа шағымды Беслан оқиғасында қаза тапқандардың туыс-жақындары мен сол терактіде және кепілдегілерді босату операциялары барысында зардап шеккендер – жиыны 450-дей адам берген. Олар террорлық акті мен кепілдегілер қазасының барлық жай-жапсарына объективті тергеу жүргізуді сұрап 2007 жылы Еуропаның адам құқығы жөніндегі сотына жүгінген. Өтініш иелері Ресей билігі өз іс-әрекетімен Еуропаның адам құқығы туралы конвенциясын, соның ішінде адамның өмір сүруге деген құқығына қатысты бапты бұзған деп санайды. Арыз иелері соттан Ресей билігі қасіреттің алдын алуға қолдан келгеннің бәрін жасады ма, кепілдегілерді босату операциясы барлық талапқа сай іске асырылды ма, ресейлік арнайы қызметтер адамдар қазасы үшін басқалармен бірге жауапкершілікті көтеруі тиіс пе деген сауалдарға жауап беруді өтінген.

«Голос Беслана» қоғамдық ұйымының теңтөрағасы Элла Кесаеваның сөзінше, 2004 жылғы оқиғада қаза болған балалардың аналары содан бері әділ тергеу жүргізуді талап етумен келеді. «Бірақ Ресейде біз осы қасіретке кінәлілердің аты-жөндері аталғанына қол жеткізе алмадық. Сондықтан Страсбург сотына шағымдануымызға тура келді» деген Кесаева.

XS
SM
MD
LG