Accessibility links

АҚШ ФИФА-ның ұсталған өкілдерін беруді сұрайды


Цюрихтегі ФИФА штаб-пәтері алдында тұрған Швейцария полицейлері. (Көрнекі сурет)
Цюрихтегі ФИФА штаб-пәтері алдында тұрған Швейцария полицейлері. (Көрнекі сурет)

АҚШ билігі мамыр айында Цюрихте ұсталған халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) жеті қызметкерін беруді сұрап Швейцария үкіметіне тиісті хат жолдаған. Швейцария федералдық әділет бюросы (FOJ) мәлімдемесінде Цюрихте қамауға алынған ФИФА қызметкерлерін экстрадициялау мәселесі бойынша ұсталғандардың қатысуымен тыңдау өтетіні айтылған.

FOJ АҚШ билігінің сұрауына жауап беру үшін күдіктілер мен олардың адвокаттарына екі апта мерзім бермек. Сонан кейін ол процедура тағы екі аптаға ұзартылуы мүмкін. FOJ мәлімдемесінде шешім бірнеше апта ішінде қабылданғаны айтылған.

АҚШ билігі Цюрихте ұсталғандарды 100 миллион доллардан астам соманың парасын алу қылмысына қатысы бар деген күдікпен ФИФА-ның жоғары лауазымды қызметкерлерінің үстінен қозғалған тергеу ісіне байланысты сұратып отыр.

XS
SM
MD
LG