Accessibility links

Арқалық емдеу мекемесін айыппұл төлеуге міндеттеді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қостанай облыстық сотының апелляциялық алқасы осы облысқа қарасты Арқалық қалалық ауруханасынан 50 мың теңге (270 АҚШ доллары) айыппұл өндіріп алу туралы Арқалық қалалық сотының шешімін күшінде қалдырған. Қалалық сот ауруханадан «моральдық шығын өтемін» өндіртіп беруді сұраған жергілікті тұрғынның талап-арызын қанағаттандырып шешім шығарған.

«Талапкер дәрігер мен аурухана кінәсінен физикалық және моральдық-адамгершілік тұрғыдан азап шектім деп санайды» делінген Қостанай облыстық сотының хабарламасында.

Сот дерегі бойынша, 2014 жылы қаңтарда сол аяғының бармағын шығарып алған Арқалық тұрғынына ақпан айының соңында қалалық ауруханада жасалған операция салдарынан кейін ол бармақ кесіп тасталған.

XS
SM
MD
LG