Бүгін таңертең Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 645 километр қашықтықта қуаттылығы 5,2 магнитуданы құрайтын жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістемелік-зертханалық орталығы.
Орталық мәліметі бойынша, жер асты дүмпулері шілденің 3-і күні Астана уақытымен 7 сағат 44 минутте тіркелген. Зілзала ошағы көршілес Қытай аумағында, жердің он километр тереңдігінде болған.
Алматы облысында жер сілкінісінің дүмуі сезілгені туралы ақпарат түскен жоқ.