Accessibility links

Еуропа лигасы: "Қайрат" Белградта жеңіске жетті


"Қайрат" командасының капитаны Бауыржан Исламхан.
"Қайрат" командасының капитаны Бауыржан Исламхан.

Қазақстандық футбол клубтары Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчтарын өткізді.

Алматының "Қайрат" командасы Белградта сербиялық "Црвена Звезда" командасын 2:0 есебімен жеңді.

Ал "Ақтөбе" командасы өз алаңында эстониялық "Нымме Калью" командасынан 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

Шымкентте жергілікті "Ордабасы" командасының Израильдің "Бейтар" клубымен кездесуі 0:0 болып аяқталды.

Қазақстан командалары шілденің 9-ы күні қарымта матч өткізеді. Екі матчтың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен клуб Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіне шығады.

XS
SM
MD
LG